• Басты
  • Жаңалықтар
  • Түрік инвесторлары Маңғыстау облысында крахмал зауытын салуды жоспарлауда

Түрік инвесторлары Маңғыстау облысында крахмал зауытын салуды жоспарлауда

13 Маусым, 2016 18:37
«Ant group & Asya Go» түрік корпорациясы Маңғыстау облысының аумағында крахмал зауытын салуды жоспарлауда.

Әкімдікте хабарлағандай, аталмыш мәселе «Ant group»ұйымдастырушысы Озджан Бютюн мен ТМД-ғы Ильяс Керімовтің корпорациясының таныстыруышлары Ильяс Керімовпен «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ өкілі Ғалымжан Балтілеумен жұмыс барысындағы сапар кезінде талқыланды.

Айта кетейік, «Ant Group» түрік корпорациясының Ақтау қаласына алғашқы сапарлары болды. Кездесу барысында қонақтар инвестиция жасау бойынша әлеуетті нысандармен танысып шықты және біріккен жобалардың іске асырылуының жағдайларымен танысты.

Түрік инвесторларының айтуы бойынша, кәсіпорынның құрылысына орай 100-ден аса жұмыс орны пайда болды. «Ant Group» түрік компаниясы әлем бойынша әйгілі болып табылады және жабдықтарды жеткізуде маманданған. Компанияның халықаралық нарықта 33 жылдық тәжірибесі бар.

«Біз шетелдік капиталды тартуға мүдделіміз, сонымен қатар Түркиядан да. Көптеген инвесторлар біздің облыста бизнесті дамыту бойынша барлық жағдайдын бар екендігін мойындайды»,- деді Ғалымжан Балтілеу.

Тараптап ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады. Маңғыстаулық индустриалды палатасының түрік кәсіпкерлеріне барлық жәрдемді жасайтындығы, біздің аймақтың ауыл шаруашылық саласына инвестиция салуға дайын екендігі айтылып өтті.

 

Барлық жаңалықтар