2016 жылы өнімге 2,4 млн. тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы себілді

13 Маусым, 2016 15:51
2016 жылғы өнімге 2,4 млн. тонна ауылшаруашылығы дақылдардын тұқымы себілген, оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 2 млн. тонна, майлы дақылдар – 57 мың тоннаға жетті, деді Агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмабек Марс.

«Облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 11 маусымына ауылшаруашылығы дақылдары 17,5 млн. га себілді, бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 95% құрайды.Жаздық масақты дәнді дақылдар шамамен 14,5 млн. га алқабына себіліп, толығымен аяқталды. Майлылар 1,9 млн. га астам алқапта (99,2%), көпжылдық шөптер – 329,2 мың га (100,2%), көкөніс-бақша – 227,9 мың га (104,0%), картоп – 182,9 мың га (99,3%), мақта –108,2 мың га (97,8%) және қант қызылшасы – 12,0 мың га (97,2%) себілді», - деді ол.

Оның айтуынша, кейбір облыстарда майлы дақылдар, көпжылдық шөптер егісі, көкөніс және картоп отырғызу аяқталмаған.2016 жылғы өнімге 2,4 млн. тонна ауылшаруашылығы дақылдардын тұқымы себілген, оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 2 млн. тонна, майлы дақылдар – 57 мың тонна, жемшөп дақылдары – 24,7 мың тонна, картоп – 338,4 мың тонна.

«Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еңшілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие берілген. Ағымдағы жылдың 9 маусымдағы жағдай бойынша 55,7 млрд. теңге сомасында 1666 өтінім қаржыландырылды», - деді ол.

Ол атап өткендей,  барлық бағыттар бойынша өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 35 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердін қажетті дизель отынының көлемі 366,8 мың тонна мөлшерінде айқындалды. Ағымдағы жылдың 10 маусымдағы жағдай бойынша 308,4 мың тонна (84%) жөнелтілді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар