- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада нан өнімдері мен кондитерлік тағамдар шығаратын цех ашылды
Қызылордада нан өнімдері мен кондитерлік тағамдар шығаратын цех ашылды
Жоба құрылтайшысы болған «RetailA-A» ЖШС компаниясының директоры Бейбіткүл Баймаханованың сөзінше, цехтың өндірістік қуаты бір айда 75 тонна дайын өнім шығаруға жетеді. Кәсіпорын жергілікті нарыққа нан мен кондитерлік өнімдердің 50-ден аса түрін өндіріп отыр.
«Индустриалды-инновациалық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «RetailA-A» ЖШС-нің «Нан және кондитерлік өнімдерін өндіру» жобасы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілгенін айта кеткен жөн», - делінген хабарламада.
«RetailA-A» ЖШС негізі қаланған уақыттан бастап тағам өнімдері саласында «Аль-Асад» сауда маркасымен бөлшек сауда-саттықпен айналысып келеді. Бүгінде компания мемлекеттік қолдау аясында жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік алды. Даму Қорының бөлшек кепілдендіру құралын пайдалана отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «RetailA-A» ЖШС «СбербанкРоссии» АҚ 22,5 млн.теңге несие рәсімдеп, жаңа заманғы қондырғылар сатып алуға қол жеткізді. Кәсіпорын сондай-ақ субсидиялау түріндегі қолдауға да ие болды, яғни несиенің 14% үстемесінің 7% мемлекет өтеп отыр.
Компанияның материалды-техникалық базасының қуаттылығы арқасында, сапалы өнімдерді тек қала шеңберінде емес, облыс көлемінде жеткізуді өзінің автобазасын пайдалана отырып жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда, «RetailA-A» ЖШС өндіріс қуатын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау аясында қосымша несие қаражатын тартуды жоспарлап отыр.
Ескере кетсек, жобаның жүзеге асуы барысында кәсіпорынмен жаңадан 35 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері