ШҚО банктерінің филиалдарында 637,5 млн теңгенің 7 шоты заңдастырылды

13 Маусым, 2016 17:14
Шығыс Қазақстан облысында заңдастыру жұмысына 27 екінші деңгейлі банктің филиалдары қатысады. Бүгінгі күні 637,5 млн теңгенің 7 шоты ашылған, деп ШҚО ақпарат орталығы хабарлайды.

ШҚО-ғы ҚР Ұлттық банкінің  филиалымен ай сайын Өскемен мен Семей қалаларына мүлікті заңдастыру бойынша филиал қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп тұрады.

«Барлық қаржы ұйымдарында қол жетімді жерде мүлікті заңдастыру бойынша ақпараттық материалдар бар. Банктің барлық филиалдарымен жұмыскерлер анықталған және олар ақшаны заңдастыру бойынша ақпаратты түсіндіріп, кеңес бере алады»,- деді ШҚО-ғы ҚР Ұлттық банкі филиалының директоры Марат Барлыбаев.

Бүгінгі күні банк филиалдарында 637,5 млн теңгенің 7 шоты ашылған.

Айта кетейік, мүлікті заңдастыру бойынша атқарылатын негізгі қызметтің жұмысы туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Мүлікті заңдастыру» атты бөлімінен оқып біле аласыздар. 

Барлық жаңалықтар