- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери теңізшілер жүзушілермен бірлесіп Армия ойындарына дайындалуда (ФОТО)
Әскери теңізшілер жүзушілермен бірлесіп Армия ойындарына дайындалуда (ФОТО)
«Орал» кораблі әуеде, теңізде және су бетінде қалқып жүретін миналарды нысанаға алу бойынша практикалық атыстарды орындады. Әр тәжірибелік ату дайындығы барысында жеке құрам өз машығын арттырып, нәтижелерді жақсартады.
Корабль экипажы практикалық атыспен қатар теңіз биатлоны жарысының «Құтқару даярлығы» кезеңі үшін жүзушілерді барынша даярлауды өткізеді. Жүзушілер үрлемелі құтқару бөгеті дейін 50 метр жүзіп барады. Байқаудың шарты бойынша жүзіп жеткен адам бөгетті аударып, мәреге дейін жүзіп өтуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық Армия ойындары-2016 аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері «Каспий кубогы – 2016» (теңіз биатлоны) теңіз конкурсына қатысады.
Аталған биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер анықталды. Байқауға қатысатын негізгі корабль «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблі, ал қосалқы – «Сарыарқа» кораблі. Бұл экипаждардың құрамы 33 адамды құрайды. Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК командасы «Каспий кубогы» байқауына бірінші рет қатысты. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша біздің команда екінші орынға, сондай-ақ күміс алқа мен «БЛ-680» жылдам жүзетін қайыққа ие болды.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)