- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да қамыстан құрылыс материалдарын шығаратын инновациялық өнеркәсіп ашылады (ФОТО)
ИИДМБ: ОҚО-да қамыстан құрылыс материалдарын шығаратын инновациялық өнеркәсіп ашылады (ФОТО)
Осы орайда, теңдесі жоқ бұл өндіріс түрі республика бойынша Отырар ауданында ғана қолға алынып жатқанын айта кеткен жөн.Аталған жоба «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында индустриалды картаға енген. Осы мақсатта жалпы құны 622,3 млн. теңгені құрайтын кәсіп түріне «Өндіріс - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 320 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген.
Қазіргі таңда мұндағы құрылыс жұмыстары бітіп, цехтың құрылғылары орнатылуда. Өндіріс орнына қамыс оратын, жинайтын және өзге де қажетті техникалар алынған. Жоба 2017 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. «Жылына 750 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқары бар цех іске қосылғанда жергілікті 30-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Ал кәсіпорыннан шығарылған қамыс плиталары жиһаз жасау, ғимараттардың ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен қаптау үшін қолданылатын болады», - делінген хабарламада.
Жоба жетекшілерінің айтуынша, нарыққа шығарылатын бұл өнімдер Ресей, Қытай материалдарынан арзан әрі сапалы болмақ. Дайын өнімдерге қазірдің өзінде қызығушылық артып, тапсырыс берушілермен алдын ала келісімдер жасалып қойылған.
Таяуда құрылыс нысанының жұмысымен танысып қайтқан аудан басшысы Е.Айтахановқа «Ақмерген» ЖШС басшылығы мемлекет тарапынан электр желісін жеткізуге ықпал етуге өтініш жасады. Мәселеге қаныққан аудан әкімі бұл түйткілді шешуді кәсіпкерлік бөліміне тапсырды.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады