ОҚО-да биыл 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі

14 Маусым, 2016 08:43
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында 469,7 мың шаршы метр болатын 207 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ал жыл соңына дейін осы үйлердің  156-сы пайдалануға беріліп, 3992 тұрғын жаңа пәтерге ие болмақ.

Бұл үйлердің ішінде 85 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен  болса, 35-і «ҚИК» және «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ арқылы, ал 5-і «Самұрық қазына» АҚ арқылы салынып, пайдалануға тапсырылады.

Сондай-ақ, коммерциялық тұрғын үйлер бойынша 28,  тұрғын үй комбинаттары арқылы 4 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Аталған үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігі жылдары (1991-2015 ж.ж.) облыс бойынша барлығы 8 миллион 827 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған.  Яғни 173 мың пәтер. Соның ішінде  72 мың пәтер халық қаржысы есебінен жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл елдің тұрмыс деңгейінің дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, құрылыс саласының дамуы басқа да өндіріс салаларының дамуына әсерін тигізеді.




 

Барлық жаңалықтар