• Басты
  • Жаңалықтар
  • Отандық тауарларға арналған сауда үйінде барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7%-дан аспайды

Отандық тауарларға арналған сауда үйінде барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7%-дан аспайды

13 Маусым, 2016 13:54
Отандық тауарларға арналған сауда үйінде барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7%-дан аспайды, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенттері Қайырлы Таукен.

«Басты артықшылық - барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7% аспайды. Себебі, бағаның өсіміне әсер ететін делдалдық жүйе болмайды. Бұл дағдарыс кезеңінде ел тұрғындарына, әсіресе әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне елеулі қолдау болмақ. Қазақстандық өндірушілер отандық және шетелдік дистрибьютерлермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни ел экспортын арттыруға жағдай жасалады. Сауда үйі бөлшек және көтерме сауда-саттық орталығы ғана емес, шетелдік меймандарға қазақстандық нарықтың жетістігін паш ететін алаңға айналады», - деді Қ.Таукен.  

Оның айтуынша, сауда үйінде отандық компаниялар өздерінің жеке сату бөлімдерін ашу мүмкіндігіне ие болады. Соның негізінде тауарларын жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп, нақты келісімдерге қол қоятын болады. Әр компания өз стендін әзірлеп, өнімдерін қоюға қажет аумаққа қол жеткізе алады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар