- Басты
- Жаңалықтар
- Аустрияда Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі Құрметті консулдарының кездесуі өтті
Аустрияда Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі Құрметті консулдарының кездесуі өтті
Іс-шара ҚР Грац қ. Құрметті консулы Гюнтер Небель тарапынан ҚР Аустриядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты Қазақстанның Еуропадағы қоғамдық өкілдері арасында байланыстар орнату және тәжірибе алмасу болып табылады.
Қазақстан Елшісі ҚайратСарыбай өз сөзінде ҚР штаттан тіс консулдарының рөлі мен мақсаттары, Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастардың ахуалы мен перспективалары, ҚР соңғы халықаралық бастамалары, олардың ішінде «Әлем. XXI ғасыр» Манифест және Қазақстанның ішкі саяси өмірінің маңызды оқиғалары туралы айтты, сондай-ақ бес институционалды реформаларды іске асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының негіздеріне ерекше назар аударды. Жеке түсініктеме ҚР жер реформасына қатысты берілді.
ҚР Аустриядағы Құрметті консулдарының дуайені Г. Небель жиналғандарды өзі басшылық ететін Құрметті консулдықтың Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланыстарды тереңдету және кеңейту бойынша мақсаттарын іске асырудағы, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы мен Штирия федералдық жері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық орнатудағы жұмысымен таныстырды.
Кездесу барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің және Аустрияда мәдени салада үздік іске асырылатын «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасының презентациялары ұйымдастырылды.
Құрметті консулдар жұмыстарының тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты, өздерінің жұмыстарында жүйелі қарым-қатынас арқылы синергияға жетуді қолдады.
«100 нақтықадам» Ұлт жоспарының мақсаттарын орындаудың жолдарына ауқымды назар аударылды. Кездесу қатысушылары бұл стратегиялық құжат Қазақстанды жаңа даму шындарына шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдік білдірді.
Іс-шара Еуропаның орталық және шығыс өңірлеріндегі құрметті консулдар арасындағы байланыстарды орнату және өзара қимылдың негізін қалауға мүмкіндік беріп, шетелде ҚР штаттан тіс консулы институтын қолданудың ұтқырлығын арттыруға өз үлесін қосатын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы