- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатқа ТМД елдері аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру заң жобасы енгізілді
Сенатқа ТМД елдері аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру заң жобасы енгізілді
«Келісімге 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының басшылары қол қойған. Құжат негізінен ТМД аумағында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру мен олардың жұмыс тәртібі қарастырылып отыр», деді Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, бірлескен жедел-тергеу топтары трансұлттық қылмыстардың жолын кесу мақсатында құрылады, атап айтқанда, олар Орталық Азия елдері мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін есірткі трафигінің жолын кесу үшін бірлескен және келісілген шараларды қамтитын болады.
Тұтастай алғанда, Келісім ТМД Конвенциясының құқықтық көмектер туралы 63-бабын қолдануды нақтылап, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейды, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды.
Жалпы келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық тиімділігін арттырады. Жедел-тергеу қызметін атқарудағы нақты шаралар Қазақстанның тергеу қызметтерінің де тиімділігін көтереді. Заң жобасы палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылады.
Индира Қауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді