- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күніне орай елордада Қазақстандағы отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады
Астана күніне орай елордада Қазақстандағы отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады
“Астана күні тек отандық тауар өндірішілердің өнімдері саудаланатын еліміздегі алғашқы сауда үйі есігін айқара ашады. Барлық тауарлар мен қызметтер «Қазақстанда жасалған» және «Халык маркасы» халықтық сапа белгілерімен ұсынылады”, - деді ол.
Оның айтуынша, жоба мақсаты елорда нарығында отандық тауарлардың үлесін көбейту, қазақстандық өнімдерді насихаттау, Қазақстан брендтерінің танымалдылығын арттыру. Сауда үйі аумағында еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қалаларының 300-ге жуық фирмалары мен компаниялары өз өнімдерін қояды.
“Алғашқы компаниялар келіп, сауда алаңдарын құра бастады. Жобаға қатысуға ниет танытқан отандық өндірушілер, жарнамалық мақсатта «Халық маркасы» белгісін екі жылға дейін тегін пайдалана алады”, - деді ол.
Басты артықшылық - барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7% аспайды. Себебі, бағаның өсіміне әсер ететін делдалдық жүйе болмайды. Бұл дағдарыс кезеңінде ел тұрғындарына, әсіресе әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне елеулі қолдау болмақ.
Қазақстандық өндірушілер отандық және шетелдік дистрибьютерлермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни ел экспортын арттыруға жағдай жасалады. Сауда үйі бөлшек және көтерме сауда-саттық орталығы ғана емес, шетелдік меймандарға қазақстандық нарықтың жетістігін паш ететін алаңға айналады.
“Сауда үйінде отандық компаниялар өздерінің жеке сату бөлімдерін ашу мүмкіндігіне ие болады. Соның негізінде тауарларын жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп, нақты келісімдерге қол қоятын болады. Әр компания өз стендін әзірлеп, өнімдерін қоюға қажет аумаққа қол жеткізе алады”, - деді ол.
Сондай-ақ, тауар өндірушілер промо-акциялар, жаңа өнімдерінің тұсау кесер рәсімін, түрлі жарнамалық шараларды өткізе алады.
Анар Тәңірқұлова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары