• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің тіл біліктілігін арттыру бойынша жоба іске қосылды

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің тіл біліктілігін арттыру бойынша жоба іске қосылды

13 Маусым, 2016 12:49
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академися мен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш меморандум аясында «Мемлекеттік қызметкерлердің тіл біліктілігін арттыру» атты пилотты жоба алға басты.

Ағымдағы жылдың 13 маусымынан 12 тамызына дейін мемқызметтің 300 мамндары үш ағында инновациялық техниканы және оқу әдістемелерін, аудит жүргізу, хат, қазақ тілінде жұрт алдында сөйлеу бойынша кәсіби қызметтерді игеретін болады. Екі жұмалық дистанциалық оқыту барысында туындаған әдіс тәжірибе барысында қолданылады. Осылайша, Академия мамандарымен 3 интенсивті тренинг, дистанциалық оқыту бойынша 2 семинар өткізілетін болады.

Осыған орай, Академия рекоры Болатбек Әбрасілов «МБА қазіргі күні Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында мемқызметкерлердің тіл біліктілігін арттыру мен оқуды білу бойынша жүйелі жұмыстарды жасауда» деп айтып өтті.

Өз сөзінде Комитет төрағасы Қуаныш Асылов мемқызметкерлердің кәсіпкерліктің мысалы болу керектігін айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды бірінші басымдылыққа қойды. Біздің еліміздің стратегиялық бағдарын іске асыру мемқызметкерлерге де жүктелген»,-деді К.Асылов.

Айта кетейік, оқыту жұмыстары меморандумға қол қойғаннан кейін бірден басталып кетті. Тіл біліктілігін арттыру бойынша жұмыста ҚР конституциялық кеңесінің төрағалары, Жоғары сот, сыртқы істер министрлігі, білі жәәне ғылым министрлігі, қаржы министрлігі, ұлттық экономика министрлігі және тағы басқалар қатысуда.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар