- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесінің билет құны 2 мыңнан 12 мың теңгеге дейін болады
ЭКСПО-2017 көрмесінің билет құны 2 мыңнан 12 мың теңгеге дейін болады
«Көрмеге қазақстандықтардың барынша келу мүмкіндіктерінің кезеңін қарастырып, 2017-ші жылдың 10-шы маусымы мен 10-шы шілдесі аралығына ең төмен баға белгіленді. Маусымның 10 мен 20-сы аралығында 50% жеңілдік болады. (Ең төменгі баға 2 мың теңгені құрайды). Маусымның 21-і мен 30-ы аралығында 30% жеңілдік болады. Ал, шілденің 1-і мен 10-ы аралығында 20% жеңілдік қарастаралған. Сонымен қатар, туропретаорлар мен корпоративті клиенттер үшін 10-шы шілде мен 10-шы тамыз аралығында промо-кезең іске асырылатын болады»,-деп хабарлады Р.Исмайылова.
Коммерциялау департаментінің директоры Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен 6 жақса дейінгі балалар тегін кіре алатынын да атап өтті.
«Мұндай жағдай ЭКСПО тарихында бірінші рет жасалып тұр. Зейнеткерлер, көпбалалы аналар, студенттер мен оқушылар билетті жеңілдікпен ала алады. Жеңілдік мөлшері оффлайын касса ашылған кезде белгілі болады»,-деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, билет құны 12 мың теңге болатын кезде арнайы күндер өткізу жоспарлануда.
«Бұл 10-шы маусым – көрменің ашылатын күні; 6-шы шілде – Қала күні; 30-шы тамыз – ҚР Конституциясы күні, 10-шы қыркүйек – көрменің жабылатын күні. Яғни, осы арнайы күндер үшін билеттер 12 мың теңгеден болады»,-деді ол.
Айта кету керек, ұлттық мерекелерді атап өтетін күндер аясында билеттер көшпелі сатылымға шығады. Бұдан бөлек, көрме билеттерін өткізуде ЭКСПО-2017 көрсмесінің серіктестері - «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы, «Air Astana» АҚ-ы атсалысатын болады. 2016-шы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық қалаларында оффлайн кассалары ашылады.
Анар Тәңірқұлова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды