• Басты
  • ЭКСПО-2017 павильоны 2016 жылдың аяғында халықаралық қатысушыларға қажетті дүнелерді орнату үшін берілетін болады
13 Маусым, 2016 11:04

ЭКСПО-2017 павильоны 2016 жылдың аяғында халықаралық қатысушыларға қажетті дүнелерді орнату үшін берілетін болады

ЭКСПО-2017 павильоны 2016-шы жылдың аяғында халықаралық қатысушыларға қажетті дүнелерді орнатып, толтыру үшін берілетін болады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.
ЭКСПО-2017 павильоны 2016  жылдың аяғында халықаралық қатысушыларға қажетті дүнелерді орнату үшін берілетін болады

«ЭКСПО-2017 – бұл Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы халықаралық ауқымды жоба. Біз аталмыз жобаны абыроймен атқаруға дайынбыз. Бүгінгі таңда құрылыс қарқынының жақсы жүріп жатқанына және көрмеге дайындық барысы туралы ешқандай күмән жоқ. Жылдың аяғында павильондарды халықаралық қатысушыларға қажетті дүниелерін орнатып, толтыра берулері үшін беретін боламыз»,-деді Е.Шорманов.  

Төраға орынбасарының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда 90 ел мен 15 ірі халықаралық ұйым өздерінің қатысатындарын нақтылады. Бұл елдерден 70 комиссар тағайындалып, 50 қатысу келісіміне қол қойылған.

Еске сала кетейік, ЭКСПО халықаралық мамандандарылған көрсмесі 2017-ші жылдың 10-шы маусым мен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 ел және 10-нан кем емес халықаралық ұйым, инновациялық көшбасшы саналатын 10 компания қатысады, деп күтілуде. Жалпы 5 млн. келіп-кетушілер мен 2 миллионнан астам келушілер болады, деп болжануда.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар