Ақмола облысында мектептерде көптілді білім беру мәселесі талқыланды

13 Маусым, 2016 14:48
Үштілді білім беру бойынша Жол картасын іске асыру аясында Көкшетауда Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» ұйымдастыруымен жаңа оқу жылында үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерге арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беру» атты облыстық семинары өткізілді.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі  қатысты.

Аталған іс-шараға облыс бойынша 25 мектептен 100-ге жуық мұғалім қатысты. Мұғалімдер үлкен қызығушылық көрсетіп, мастер-класс барысында белсенділік танытты.  

Облысымызда көптілді білім беруді сәтті енгізу үшін Облыстық дарынды балаларға арналған № 1 «қазақ-түрік лицейі» мектеп интернатының тәжірибесін кеңінен пайдалану қажет. Қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері облыс мектептеріне жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуда әдістемелік көмек көрсетуге қарсы емес екендіктерін айтты.

Семинар барысында мұғалімдер тәжірибелерімен алмасып, қызықты мастер класс өткізді, мазмұнды баяндамалар оқыды. Семинар тиісті деңгейде өтті, ұсынымдары оқылды. Семинар қатысушылары іс-шараға қатысты пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді, мұндай семинарлардың берері мол екендігіне тоқталды.

 

Барлық жаңалықтар