• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Добрович: Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың құрметті мүшесіне айналды

М.Добрович: Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың құрметті мүшесіне айналды

15 Маусым, 2016 11:23
Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың құрметті мүшесіне айналды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Будапешт Корвинус Университетінің халықаралық қарым-қатынас мектебінің докторы Михай Аладар Добрович (Мажарстан).

«Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан ірі жетістіктерге жетті, себебі тәуелсіздік тек сөзбен емес,  іспен де жүзеге асырылатын дүние. Қазақстан халықаралық қауымдастықта маңызды әрі құрметті мүше болды. Қазақстанның даму моделі аймақтағы ең сәтті әдіс ретінде посткеңестік кеңістікте танылды», - деді ол.

Михай Добрович айтып өткендей, бейбітшілік пен келісім құндылығы көпұлттық әне көп конфессиялық қоғамды құрудың негізі болып табылады. Ол Еуропадағы мультимәдениеттену  әдісіне ұқсас болып келеді. Алайда, оның айтуынша, қазақстандық модель мәдениеттердің терең әрі өзара байланысуына негізделген. Оған қоса, қазақстандық халық маарлықтарға бауырлас ел ретінде қызықты.

«Мажарстанның тарихы ерекше. Біз бүгінде еуропалық халықпыз, бірақ біздің тамыр Шығыста екенін ұмытпаймыз. Сол үшін де біздің Орталық Азия оның ішінде Қазақстанға деген қызығушылығымыз өте жоғары. Себебі халқымыздың тарихы ортақ. Орталық Азия мен Қазақстан тарихы біздің жоғарғы оқу орындарында оқытылады», - деді ғалым.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Мажарстанда көпұлтты мемлекеттің құру бойынша қазақстандық тәжірибесі зерттелуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар кітабы мажар тіліне аударыьлды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар