• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның фармацевтикалық жобалары мен құрылыс саласы инвестицияны қажет етеді - KAZNEX INVEST

Қазақстанның фармацевтикалық жобалары мен құрылыс саласы инвестицияны қажет етеді - KAZNEX INVEST

13 Маусым, 2016 14:32
Қазақстан фармацевтикалық жобалар мен құрылыс саласына шетелдік инвесторлардың инвестицияны салуын ұсынады. Бұл туралы «KAZNEX INVEST сарапшы мен инвестиция бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Ерлан Мұратов мәлім етті.

«Біз 1,4 млрд доллардың дәрі-дәрмектерін импорттаймыз. «СК-Фармация» бар және ол жерде сатып алу жұмыстары жүреді. Алайда ол тек нарықтың 30-40%-ы, қалғандары жекелеп сату. Бұл жерде инвестициялық субсидияны, жабдықтарды бажсыз әкелуді және 3-5 жыл бойы шикізат әкелуді, сондай-ақ осы кәсіпті ұйымдастыруға көмекті ұсынуға дайынбыз»,-деді Е.Мұратов.

Сонымен қатар, сарапшы санитарлық бұйымдар мен керамикалық плиткалар өндірісі бойынша жобаларды инвестициялауға ұсынды.

«Мүмкін сіздер үшін санитарлық бұйымдар мен керамикалық плиткалар өндірісі бойынша жобалар қызықты болар. Қазақстанда осы сала бойынша бірнеше зауыт бар және олар импортты жауып, өздерінің өнімдерін жаңартып, стратегиялық серіктесті қалайды. Біз жыл сайын 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз. Сол себепті санитарлық бұйымдар мен керамикалық плиткалар өндірісі бойынша жобалар қызықты болады деп сенеміз»,-деді Е.Мұратов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар