• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан болгарлық кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығын инвестициялауға шақырды

Қазақстан болгарлық кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығын инвестициялауға шақырды

13 Маусым, 2016 10:23
Қазақстан болгарлық бизнесмендерді ауыл шаруашылығын инвестициялауға шақырды. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» инвестиция мен экспорт бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Ерлан Мұратов қазақстандық-болгарлық бизнес-форумда айтты.

«Біз «Агробизнес-2020» бағдарламасын белсенді жүзеге асыруға қарамастан 400 млн. долларға сүт өнімдерін импорттаймыз. Бұл импорт құрғақ сүт түрінде, бүтін сүт, май және тағы басқада түрлерімен импортталады. Негізі сүт-тауарлы фермалар арқылы дамығаны дұрыс болар еді. Бұдан бөлек, ет өндірісі бойынша. Қазақстанда бұл үшін жайылым, су, арзан жұмыс күші бар. Сондай-ақ, құс етін өндіретін қаншама жобалар бар. 75 мың шаршы метр алңды қамтитын бірқанша ірі құс фабрикалары бар»,-деді Е.Мұратов.

Сонымен қатар ол, жеміс-көкөніс дақылдары бойынша Қазақстанда дефицит барын айтты. Жыл сайынғы барлық жиынтығы шамамен 25 млн. долларды құрайды.

«Ал, дәнді дақыл өнімі туралы айтатын болсақ, бұл жерде дәнді дақылдарды терең өңдеу мәселесіне тоқталған жөн. Қазақстанда дәнді дақылдың өзіндік құны бәсекеге қабілетті. Тек бір мәселе, қаратеңіз портына тасымалдаған кезде көліктік шығыны айтарлықтай үлкен болып кетеді. Сондықтан, дәнді дақылдарды Қазақстанда терең өңдеген әлдеқайда тиімді болар еді. Біз жылына 20 млн. тонна дәнді дақыл өндіреміз»,-деді Е.Мұратов.

Сонымен қатар ол, Қазақстанда майлы дақылдар сияқты ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын инвестициялау қажеттілі бар деді.

«Бізде бұл өнімдерді өсіру үшін жер жетеді. Қант қызылшасы – Қазақстан 92% қант қызылшасын импорттайды. Қант қызылшасы кондитерлер үшін аса қажет. Сондықтан кем дегенде 450 мың тоннаның жобасын жасаған жөн болар еді»,-деп түйіндеді сөзін Е.Мұратов.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар