• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Сенім» қызметі арқылы зейнетақы алушылар несие рәсімдеуді жүзеге асыра алады

«Сенім» қызметі арқылы зейнетақы алушылар несие рәсімдеуді жүзеге асыра алады

13 Маусым, 2016 09:48
«Қазпочта» АҚ еліміздегі компанияның барлық бөлімшелерінде «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы алушылардың несие рәсімдеу мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Сенім» қызметтері аясында зейнетақы және жәрдемақы аударуға арналған  ағымдағы немесе карточкалық есеп-шот ашқан әрбір жаңа клиентке не бары бір жыл бойында коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлеу мүмкіндігі берілген.

«Сенім» қызметтерінің негізгі артықшылықтары - карточкалық немесе ағымдағы есеп-шотқа ақшалай қаражаттар түскен кезде немесе алынған кезде SMS-хабарламалар тарату жүргізіледі, бұл клиенттерге өздерінің ақша қаражаттарына жеңіл бақылау жасауға мүмкіндік береді. POS-терминалдар және «Қазпочта» АҚ мен «Қазкомбанк» банкоматтар жүйесі арқылы ақшалай қаражаттарды алу қандайда бір комссиясыз жүзеге асырылады. Алғашқы бес ай ішінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу үшін «Сенім» қызметін 100 мың қазақстандықтар таңдаған»,- деп «Қазпошта» АҚ мәлімдейді.

Ендігі кезекте «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы алушылар еліміздегі Қазпочта бөлімшелерінде Хоум Несие Банктен 1 миллион теңгеге дейінгі сомада жеңілдікпен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұдан басқа, осы қызмет төлем карталары мен пин конверттерді тегін шығару және клиенттердің үйіне жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зейнетақылар мен жәрдемақылар міндетті санаттағы азаматтардың (ҰОС мүгедектері мен қатысушылардың, 1 және 2 топтағы мүгедектердің, 80 жастан үлкен тұлғалардың, дәрігерлердің қорытындысы бойынша ауыратын адамдардың) үйіне тегін жеткізіледі және барлық жеке тұлғаларға әрбір жеткізілім 200 теңге болатын қолжетімді тариф бойынша жеткізіліп беріледі.

 

Барлық жаңалықтар