- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Әлемде бірде-бір университет студенттерін мемлекет есебінен оқытпайды
Н.Назарбаев: Әлемде бірде-бір университет студенттерін мемлекет есебінен оқытпайды
«Университеттің әлемдік деңгейде ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасқанын бәріміз мақтаныш етеміз. Мен университет студенттерінің тегін оқығанын армандадым – сіздер мұны жақсы түсінулеріңіз керек. Әлемде ешбір университет студенттерін мемлеукет есебінен оқытпайды. Бәрі өздерінің немесе ата-аналарының есебінен оқиды. Назарбаев Университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу ақысы орта есеппен 4 жылға 87 мың америка долларын құрайды.Магистратура 36 мың доллар. Осы шығындардың бәрін мемлекет төлейді. Өйткені бізге жас әрі білікті мамандар керек, әлемде мүлде мұндай жағдай жасалға ел жоқ»,-деді ҚР Президенті.
Н.Назарбаев салыстырмалы түрде әлем елдеріндегі жетекші білімнің ақысынан мысал келтірді.
«Мысалы, Ұлыбританияда оқу үшін бір болашақтың магистрі жылына 55 мың доллар төлейді. АҚШ-та бірден екі жылға 136 мың долллар төлеуің керек. Енді салыстырыңдар. Бізде студенттерді оқыту 2-3 есеге арзанға түседі. Ұлыбританияда PhD бағдарламасы мен оқу құны 4 жылға 200 мың доллар, АҚШ-та 400 мың доллар. Бүгінгі таңда білім алу арзан емес, бірақ бізге өте қажет. Сіздер үшін бұл университетте әлемдік деңгейдегі жағдай жасалып отыр, өз Отандарыңызда. Мемлекет оқуларыңа, стипендия мен көліктеріңе төлеп отыр – бұл аз қаржы емес. Сондықтан біз сіздерден қандай қайтарым күтетінімізді түсініп, ескеріп жүрулеріңіз керек»,-деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Назарбаев Университетінде студенттердің екінші легін түлету салтанатты шарасы өтіп жатыр. Биыл бұл ЖОО-ы 622 студентті түлетіп отыр, олардың 444-і бакалавриат бағдарламасы бойынша және 178 студент магистратура бағдарламасы бойынша тәмімдап отыр.
Индира Қауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан