- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Назарбаев Университетінің үздік студенттеріне диплом табыстады
ҚР Президенті Назарбаев Университетінің үздік студенттеріне диплом табыстады
«Өткен жылы мен Назарбаев Университетінің алғышқы түлектеріне диплом тапсырған едім. Бүгін олардың еңбектері мен нәтижелерін мақтан тұтамыз. Олар өз істерінің нағыз кәсібилері болды. Қазір қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларда жұмыс істейді»,-деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы университеттің мамандарды тек Қазақстан үшін емес, басқа да көптеген елдер үшін дайындайтынын атап өтті. Бұл биохимия мен ядролық инженерия, робототехника, мехатроника. Университетте Қазақстанға барлық әлемнен шақырылған ең мықты оқытушылар жұмыс істейтінін де айтып өтті.
Мемлекет басшысы түлектерге диплом тапсырып тұрып, оларға болашақта үлкен жетістіктер тіледі және ешқашан оқуды тоқтатпауға, жаңалықтар ашуға кеңес берді.
Еске сала кетейік, Назарбаев Университетінде студенттердің екінші легін түлету салтанатты шарасы өтіп жатыр. Биыл бұл ЖОО-ы 622 студентті түлетіп отыр, олардың 444-і бакалавриат бағдарламасы бойынша және 178 студент магистратура бағдарламасы бойынша тәмімдап отыр.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу