- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Назарбаев Университетін аяқтаған түлектерді құттықтады
ҚР Президенті Назарбаев Университетін аяқтаған түлектерді құттықтады
«Барлықтарыңызды Назарбаев Университетін бітіргендеріңізбен құттықтаймын. Бүгін еліміздің білім саласындағы маңызды күн. Назарбаев Университеті деп атау мен үшін қиындау, өйткені бұл менің фамилиям. Мен барлық студенттер мен оқытушыларға бұдан әрі де дами түсіңіздер, деп айтқым келеді. Осыдан алты жыл бұрын университетті ашқанда мен Қазақстанда абыройлы білім орталығы болсын дедім. Бұл арман орындалды. Қказір біздің астанада осындай беделді университет бар. Биыл университет 622 студентті түлетеді»,-деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері Қазақстанның гүлденуіне өз үлестерін қосып жатыр, деп атап өтті.
«Университеттің алғашқы түлектері 25 жылдық мерейлі белеске аяқ басқан Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Енді сендер де еліміздің өркенді мемлекет болуына еңбек сіңіретін боласыңдар. Сендер дербес мемлекетте дүниеге келген, қарқынды дамушы әлемге сыйлы елде өскен тәуелсіздіктің перзентісіңдер. Алдыңғы буынның абыройлы жолын лайықты жалғастыру өздеріңе жүктеледі. Біз еліміздегі кейбір қиындықтарға қарамастан, соның ішінде экономикалық жағдайларға қарайламастан сіздердің дұрыс білім алуларыңа жағдай жасадық. «Қазақстан - 2050» Стратегиясында, Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» бағдарламаларында жаңа экономикалық саясат, индустриалды-инновацияны дамыту туралы айтылды. Осы үш бағдарламаның барлығы болашаққа бағдарланған. Және біздің мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру. Елімізді дамыту үшін сіздер еңбектенулеріңіз керек. Өйткені сіздердің еңбектеріңіз еліміздің пайдасына жарау керек. Сіздерге жарқын әрі бақытты болашақ тілеймін»,-деп құттықтады Н.Назарбаев.
Еске сала кетейік, Назарбаев Университетінде студенттердің екінші легін түлету салтанатты шарасы өтіп жатыр. Биыл бұл ЖОО-ы 622 студентті түлетіп отыр, олардың 444-і бакалавриат бағдарламасы бойынша және 178 студент магистратура бағдарламасы бойынша тәмімдап отыр.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар