- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеу басталды
ҚР Қарулы Күштерінде «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеу басталды
Іріктеу 2 кезеңде, яғни, әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылық ауқымында өтті. Сайыстың негізгі мақсаты мен міндеті – ол әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрамның жеңіске деген ұмтылысын, жоғары дене жүктемелеріне және спорттық күрес жағдайларындағы жүйке-психикалық күйзеліске төтеп беру қабілеттілігіне тәрбиелеу, әртүрлі кәсіби амалдар мен іс-қимылдарды орындауда дағдыны жетілдіру, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жоғары кәсіби және мемлекеттік даярлыққа ынталандыру болып табылады. Байқауға келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, әскери бөлімдердегі байқаудың 1-кезеңінің жеңімпаздары, яки, 75 әскери қызметші, оның ішінде, 18 әйел әскери қызметші тартылды. Жалпы есепте байқау нәтижелері бойынша ерлер арасында 1-орынды 03811 ә/б кіші сержанты Дархан Барлыбаев, әйелдер арасында 66597 ә/б санитарлық нұсқаушысы қатардағы жауынгер Фируза Рысқұлова жеңіп алды. Өткен жылы Қазақстанның әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» байқауының абсолютті жеңімпаздары атанғанын естеріңізге сала кетейік. Әскери-кәсіби шеберліктің бірегей байқауы Қазақстанда алғаш рет өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады