- Басты
- Жаңалықтар
- Ш.Катсу: Әлем бот-экономика табалдырығында тұр
Ш.Катсу: Әлем бот-экономика табалдырығында тұр
«Біз білетін әлем тез өзгереді. Ойлап қарасаңыздар соңғы 5 жылда әлем сияқты, Астана қала ретінде, айналаңыздағы университет және сіздер де өзгердіңіздер. Индустрия, аэроғарыштан бастап, автомобиль, энергетика, биомедицина, сонымен қатар, құрылыс пен ауыл шаруашылық салалары бәрі көз алдымызда технологиялық революциялық өзгерістің әсерінен ауысып жатыр»,-деді Шиего Катсу.
Назарбаев Университеті ректорының сөзінше, егер, келесі бес жылдық, одан кейінгі тағысын-тағы болсын, біз бәріміз секторлар бұдан да көбейіп, ары қарай орналаса беретінін білеміз. Сондықтан ғылыми жаңалықтар ашып, адам қызығарлықтай құқықтық мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек болады.
«Бұл бағыттардың бірін ғана атасақ – жасанды интелект өнеркәсіптің көптеген салаларында сахна төріне жылдам шығады. Түрлі формамен, жұмыс түрлерімен қазір біз бот-экономиканың табалдырығында тұрмыз. Айналаларыңызға қараңыздар, сіздердің айналаларыңызда қаншама ғимараттар, саябақ, ресторан бар бүгін біз көріп тұрған. Осыдан 5 жыл бұрын бұлар болған жоқ қой. Келесі жылы Астанада болашақтың энергиясы бойынша ЭКСПО өтеді. Біз инновация саласында одан да көп жетістіктерді жарып өтеміз»,-деді Ш.Катсу.
Ректор түлектерді осындай іске белсене атсалысып, заманауи ғылым тұрғысынан іздену бағытында ештеңеден қорқпай батыл қадам жасауға шақырды.
Еске сала кетейік, Назарбаев Университетінде студенттердің екінші легін түлету салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұған Мемлекет басшысы Н.Назарбаев келіп, осындай қуанышты сәттерімен құттықтап, үздік оқыған түлектерге дипломдар табыстайтын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері