- Басты
- Жаңалықтар
- 2016-шы жылы Назарбаев Университеті 622 студентті түлетті
2016-шы жылы Назарбаев Университеті 622 студентті түлетті
Студенттердің басым көпшілігі ғылым және технология, инженерия, гуманитарлық-әлеуметтік, Жоғары білім мектебінің, Жоғары бизнес мектебінің, Жоғары мемлекеттік саясат Мектептерінің студенттері. Олардың ішіндегі сұранысқа ие мамандақытар ретінде электрлік және электрония инженериясы, биологиялық ғылым, саясаттану мен халықаралық қатынастар, математика және т.б.
Биыл Университетті аяқтағаннан кейін түлектердің басым көпшілігі еңбек жолдарын бастауды жоспарлап отыр. Қалғандары одан әрі қарай әлемдік рейтинг бойынша жетекші позициядағы ЖОО-да және Назарбаев Университетінде білім алуларын жалғастырмақ.
Назарбаев Университетін 2015-ші жылы аяқтаған алғашқы түлектер бүгінгі таңда жоғары кәсіби білімпаздықтарымен көзге түсіп, мамандықтарының өте қажет екендіктерін, оқу процесінің тиімді әрі дайындықтарының жоғары деңгейде болғанын, білім сапасының да айтарлықтай биік екенін көрсетіп келеді.
Университеттің алғашқы 552 түлегінің жартысы мамандақтары бойынша жұмысқа шақыртылған. Қалған 40%-ы оқуларын жалғастыруға шешім қабылдаған. Олар бүгінгі таңда әлемнің жетекші оқу орындарында және Назарбаев Университетінде академиялық бағдарламамен білім алып жатыр. Олардың 198-і магистратура мен доктарантура бағдарламасымен білімдерін кемелдендіру үстінде.
Еске сала кетейік, Назарбаев Университеті Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010-шы жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда отандық білім беру саласындағы алдыңғы орындағы жетекші оқу орыны. Жыл сайын 700 оқушы білім грантының иегері атанады. Оқуға түсудегі қортынды емтиханда жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер университетте мемлекеттік білім грантымен оқиды. Студенттің барлық шығынын мемлекет көтереді. Магистранттар мен доктаранттарды оқыту да мемлекеттік білім тапсырысы аясында жүзеге асады.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Абай жылының айшықты тұстары -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді