• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО мен СҚО аграрлық және өнеркәсіп салалары бойынша 10 ынтымақтастық меморандумын бекітті

ШҚО мен СҚО аграрлық және өнеркәсіп салалары бойынша 10 ынтымақтастық меморандумын бекітті

11 Маусым, 2016 11:37
ШҚО-ға Солтүстік Қазақстан облысы Күндері аясында облыс әкімдері Даниял Ахметов пен Ерік Сұлтановтың қатысумен мемлекеттік органдар мен бизнес саласының өкілдерінің кездесуі болды.

ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, агарарлық және өнеркәсіп салалары бойынша меморандум бекіте отырып, аймақтар тауар айналымын арттыру бойынша ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді.

Аймақаралық ынтымақтастық бойынша екі облыс әкімі Даниял Ахметов пен Ерік Сұлтановтың қатысуымен Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстьарының экономикалық әлеуеттері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Жиынның соңында аграрлық, өнеркәсіптік салалар жөнінде, сонымен қатар, аймақтардың тауар айналымдарын арттыру бойынша 10 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Барлық жаңалықтар