Қ.Тоқаев Қытайдың Компартия делегациясын қабылдады

10 Маусым, 2016 20:27
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің сыртқы байланыс Бөлімінің меңгерушісі Сун Таомен кездесу өткізді.

Жоғарғы палата төрағасы ҚКП делегациясының сапары екі ел қарым-қатынысының дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін айта келіп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттандырд жән, елдің саяси жүйесінде Сенаттың алатын рөлі жайында айтып берді.

Тараптар екі ел басшыларының арқасында ынтымақтастықтың нығайып, жоғары дәрежедегі өзара сенімнің жақсарғанына қатысты ортақ пікірді ортаға салды. Сондай-ақ, іскерлік серіктестікті жандандыруда, екі елдің ұлттық мүддесіне сәйкес мәдени тұрғыда да өзара саяси қолдауды күшейтуге дайын екендерін атап өтті.

Қ.Тоқаев депутаттық делегацияларды жіберіп тұру жолымен парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңызды екенін айтып, сонымен қатар, парламент комитеті төрағалары деңгейінде де байланысты күшейту қажетекенін атап өтті.

Жоғарғы палатадан хабарлағандай, Сенат спикері қытай делегациясының басшысына Ақтөбедегі террорлық актіде қайтыс болғандарға байланыс көңіл айтып, терроризммен күресте Қазақстанға қолдау білдіретінін жеткізгені үшін алғыс айтты. 

Барлық жаңалықтар