• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үш жылда астаналық бизнесмендердің 3 млрд. теңге сомасындағы құқығы қорғалды

Үш жылда астаналық бизнесмендердің 3 млрд. теңге сомасындағы құқығы қорғалды

10 Маусым, 2016 17:54
Астана кәсіпкерлер палатасы қызметінің нәтижесінде бизнесмендердің 3 млрд. теңге сомасындағы құқығы қорғалды, деп хабарлады астаналық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің қортындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Үш жылда палата 700-ден астам бизнесменнің проблемалық мәселелерін қараған. Оның 324-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

«Бүгінгі таңда палата елорданың бизнесін көрсететін біріккен өкілдік органға айналды. Палата қазір бизнесмендердің мүддесін тиімді қорғауды үйреніп алды. Палата құрылғаннан бері 700 кәсіпкер түрлі проблемалық мәселелерімен хабарласты»,-деді ол.

Ғ.Тасмағанбетовтың айтуынша, арызданушылардың басым көпшілігі – бұл салық органдарына, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйым секторларының сатып алу мәселелеріне, сәулет және жер қатынастарына байланысты шағымдар. Сонымен қатар кәсіпкерлер арасындағы шаруашылық даулар да бар.

«Үш жылда палата сарапшылары 100-ден астам жергілікті деңгейдегі жер қатынастары мен құрылысқа байланысты әкімшілік кедергілерд анықтады. Ұйым өзінің осы уақытға дейінгі қызметінде 3 млрд. теңге сомасындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғады»,-деп хабарлады ол. 

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар