- Басты
- Жаңалықтар
- Аэроұтқыр әскерлері АрМИ халықаралық ойындары шеңберінде «Эльбрус шығыршығы» байқауында ҚР ҚК-нің намысын қорғайды
Аэроұтқыр әскерлері АрМИ халықаралық ойындары шеңберінде «Эльбрус шығыршығы» байқауында ҚР ҚК-нің намысын қорғайды
«Тау – бұл қателікті кешірмейтін, алдын ала болжауға келмейтін әрі күрделі стихия. Сондықтан болар АОСК-ның алдындағы басты тапсырма экстремалды жағдайларда байқауды қауіпсіз өткізу болып табылды. Байқаудың барлық кезеңдері жеткілікті күрделі болды. Себебі, ауа райы құбылып, тосын мінез танытты. Жаңбыр жауып, таулардағы көрінушілікті төмендетті және аптап ауа райы болды. Қатты шаршағандықтан командалардың қашықтықты еңсеріп өте алмаған кездері де болды. Алайда, мұның барлығына қарамастан, сайыс жоғары деңгейде өтті және көптеген әскери қызметшілер жоғары дайындық деңгейін көрсетті», - деді
сайыс төрешісі, АОСК штаттық командасының таулы даярлық жөніндегі аға бапкері аға лейтенант Мақсұт Жұмаев.
Аэроұтқыр әскерлері 48386 әскери бөлімінің командасы сайыс жеңімпазы атанса, 32356 әскери бөлімі екінші орынды, «Оңтүстік» ӨңҚ 03811 әскери бөлімі үшінші орынды еншіледі.
«Менің командам жақсы нәтиже көрсетті. Мұның барлығы жақсы дайындық пен команданың командалық рухтығының арқасы. Жарыс барысында қиындықтар болды. Қашықтықты өткермей, барлығын тастап кеткін келген кезеңдер болды. Алайда, біз соңына дейін жетіп, жеңіске қол жеткіздік», - деп сайысқа қатысушы Ерлан Шөкеев алған сезімімен бөлісті.
Әскери альпиниада бес кезеңде өткенін естеріңізге сала кетейік. Бірінші және екінші кезең шеңберінде әскери қызметшілерге күрделі емес шөпті, оранбалы және бағдардың қарлы учаскелері бойынша күндізгі өткелден өту қажет болды. Үшінші және төртінші кезең барысында сайыс қатысушылары «Ілмелі өткел», «Құзға өрмелеу» және «Жаралыны тасымалдау» арнайы учаскелерін өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар