• Басты
  • Сегіз күн ішінде ҰБТ-ны 85 мың түлек тапсырды – ҚР БҒМ

Сегіз күн ішінде ҰБТ-ны 85 мың түлек тапсырды – ҚР БҒМ

10 Маусым, 2016 19:34
2-9 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде – 22340 бітіруші., деп ҚР БҒМ хабарлайды.

Тестілеу сегізінші күні 1 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді

125балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олардың саны әлі күнге дейін 19 адамды құрайды:Алматы қ.- 6; Оңтүстік Қазақстан облысы – 6; Шығыс Қазақстан облысы – 2; Павлодар обл. – 2; Астана қ. – 1; Батыс Қазақстан облысы – 1; Қарағанды обл. - 1

Тестілеудің сегіз күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;  емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші; тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар