• Басты
  • Алматы қаласында халықты жарық диодты жарықтандыруға көшіру мәселелері талқыланды
10 Маусым, 2016 19:16

Алматы қаласында халықты жарық диодты жарықтандыруға көшіру мәселелері талқыланды

Алматы қаласында халықты жарық диодты жарықтандыруға көшіру мәселелері талқыланды.
Алматы қаласында халықты жарық диодты жарықтандыруға көшіру мәселелері талқыланды | Strategy2050.kz

БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (ҚР ИДМ) Қазақстан халқын жарық диодты жарықтандыруға көшіру мәселелеріне арналған пресс-конференция өткізді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату жөніндегі басқарма жетекшісі Олжас Әлібеков Қазақстанда халықты жарық диодты жарықтандыруға көшіруді ынталандыруға бағытталған мемлекет саясатын, сонымен қатар, осы аяда іске асатын жобалар мен шаралар туралы айтып өтті.

БҰҰДБ жобасының менеджері Сырым Нұргалиев БҰҰДБ-ның мектеп кабинеттеріндегі жаңарту, қызу лампаларын жарық диодты шамдарға ауыстыру жобасы туралы, сонымен қатар, Қазақстан өңірінің 5 пилоттық аймағы: Солтүстік, Шығыс, Батыс, және Орталық өңірлерде көшелерді жарықтандыру жүйелерінің модернизациясы туралы айтты. С.Нұргалиев, сондай-ақ, жылыжай дақылдарына арналған фитодиодты жарықтандыру бойынша БҰҰДБ пилоттық жобасын да атап өтті. Халықты ақпараттандыруды арттыру және жарық диодты жарықтандыруға көшуді ынталандыру үшін БҰҰДБ Ғаламдық Экологиялық Қордың қаржылық қолдауымен (ГЭҚ) «Халықтың жарықтандыру тиімділігі саласындағы хабардарлығын арттыру жөніндегі дисконттық бағдарламасын» іске қосты. Дисконттық бағдарлама аясында халыққа жарықдиодты шамдарды қолданудың экономикалық тиімділігі жайлы, сонымен қатар жарықдиодты технологияның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі жайлы айтылады. Жоба әлеуметтік сипатта, және оның негізгі міндеті - халықты жарықдиодты шамдарды қолдануға шақыру, электр қуатының шығындарын оңтайландыру, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауда өз үлесін қосу.

БҰҰДБ-ГЭҚ «Қазақстандағы энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жобасының менеджері Сырым Нұрғалиев:"Біздің байқауымызша, халық Қазақстандағы жарық диодты жарықтандырудың пайдасы туралы белгілі бір ақпаратқа ие. Алайда, нарықта сапасыз жарық диодты өнімдер көп болғандықтан, халықтың белгілі бір бөлігі жарық диодты технологияларға  сенімсіздік білдіруде. Халық әлі де жарық диодты шамдардың тиімділігіне сенбейді, өйткені жағымсыз тәжірибеден өткен. Жарықдиодты шамдардың экологиялық жағынан ең қауіпсіз және қуат үнемдегіш шам екенін халыққа тағы да жеткізгіміз келеді. Жарықдиодты шамдар электр қуатын қыздыру шамдарына қарағанда 10 есе және люминисцентті шамдарға қарағанда 3 есе кем тұтынады. Оның үстіне, қызмет мерзімі 100000 сағат немесе 8-10 жыл үздіксіз жұмысты құрайды. Және ең басты құндылығы – оларда уландырғыш заттардың жоқтығы. Дәл осы себепті біздің негізгі мақсатымыз – адамдарға жарықдиодты шамның қыздыру шамдары немесе люминисценттік шамдардан экономикалық тұрғыда әлдеқайда тиімдірек және пайдалырақ екендігін жеткіз» - деп атап айтты.

БҰҰ Даму бағдарламасы елдердің дағдарысқа төтеп бере алуы үшін, әрбір адамның өмір сапасының жақсаруына жетелейтін дамуды қолдайды және демейді, елдердің мемлекеттік құрылымында көмек көрсете отырып, қоғамның барлық топ өкілдерімен қызметтес болып келеді. 177 ел мен аумақтардағы жергілікті жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың толыққұқықты өмір сүруіне қолдау көрсететін және мемлекеттердің өміршеңділігін арттыратын ғаламдық болжам мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

Ғаламдық Экологиялық Қор (ҒЭҚ) 182 елді біріктіретін Ғаламдық Экологиялық Қор (ҒЭҚ), халықаралық ұйымдармен, азаматтық қоғам және жеке бизнеспен әріптестікте дамушы елдерге және экономикасы өтпелі елдерге гранттар ұсынады, бұл бүкіл әлемдегі тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында жергілікті, ұлттық және ғаламдық экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу үшін жасалады. 1991 жылы құрылған ҒЭҚ қазіргі уақытта қызметі ғаламдық экологияны жақсарту мен 2700 астам жобаны қолдаған ең ірі қоғамдық донорлық ұйым болып табылады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды