- Басты
- Жаңалықтар
- Бундестагта Германияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды
Бундестагта Германияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды
Бундестагта Р.Жошыбаев Германиядағы ҚР Елшілігі мен неміс парламентариі Юрген Климкенің ұйымдастыруымен ЭКСПО-2017 көрмесінің алдындағы «Қазақстандағы туризм мен экономиканың дамуы» тақырыбында роуд-шоуға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Комисср өз сөзінде аудиторияға жиналған көпшілікке елдегі экономикалық реформа мен Қазақстанның туризмді дамыту бағытын және Астанадағы ЭКСПО-ны өткізудің дайындық жұмыстарымен таныстырды.
Өз кезегінде Ю. Климке Қазақстанды Орталық Азиядағы Германияның маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ЭКСПО-2017 көрмесі екі жақтың да жаңаша кешенді дамуына тың серпін беретінін айтты.
Іс-шара барысында Германияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатыны туралы келісімге қол қою салтанаты болды. Аталмыш құжатқа Қазақстан тарапынан комиссар Р.Жошыбаев, Германия тарапынан германдық павильонның бас комиссары, ГФР-ң экономика және энергетика министрлігінің уәкілі Дитер Шмитц қол қойды. Қол қойылған келісімнің маңыздылығы мен үлкен мағынаға ие екенін Германияда оқитын қазақстандық студенттердің флэш-мобымен атап өтті.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары