- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада агробизнестің проблемалық мәселелері талқыланды
Астанада агробизнестің проблемалық мәселелері талқыланды
Ведомствода хабарлағандай, салалық бірлестіктердің өкілдері негізінен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау және қаржыландырудың жеткіліксіздігі жөніндегі мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы бірлестіктер ветеринарлық қауіпсіздікті қамсыздандыру, экспорттық/импорттық кедергілер, құс өсіру шаруашылықтарын жемдік дәнмен қамтамасыз ету бойынша мәселелер сөз етілді.
Өсімдік өсіру саласындағы бірлестікте саладағы сумен қамтамасыз ету, фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді алып келу кезінде туындайтын қауіп, электрондық астық қолхаттарын енгізу мерзімдері және басқа да проблемалар жайында сөз қозғалды.
Тағамдық өнім өндірушілері кәсіпорындарды шикізат базасымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін 2018 жылдан бастап ҚҚС төлеу бойынша жеңілдікті режимдерді алып тастау, сауда орындарымен өзара іс-әрекет проблемалары және басқа да мәселелерді көтерді.
Ауыл шаруашылығы министрі кездесуде көтеріліп отырған мәселелердің көпшілігі Министрлікте қаралып, әзірленген Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізді. Аталған жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрі осы мәселелердің барлығын қазіргі кезде Министрлікте мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылым өкілдерінің, сарапшылардың – бүкіл мүдделі тараптың өкілдерінің қатысуымен құрылып жатқан саланы субсидиялау жүйесін реформалау, кооперацияны дамыту және жеке қосалқы шаруашылықтардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс топтарының шеңберінде қарастыруды ұсынды.
Сондай-ақ Министр өзінің төрағалығымен арнайы кеңес құруына дайын екендігін атап өтті. Бұл кеңес Министрлік пен агробизнес арасында тұрақты сындарлы сұхбат жүргізуге ықпал етеді.
Естерінізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде 23-і «Атамекен» ҰКП-да аккредиттелген 37 салалық одақ, қауымдастық және ірі қара мал тұқымдарының республикалық палаталары қызмет етеді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері