- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте РФ-мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу жайлы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарастырады
Мәжілісте РФ-мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу жайлы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарастырады
Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралып, халық қалаулылары назарына 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.
Хаттама екі мемлекеттің атынан уәкілетті ұйымдар арқылы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбіндегі кенді Қазақстанда «Құрманғазы» («Құлалы»), Ресейде «Центральная» және «Хвалынское» кен орны құрылымдарында бірлесіп игеруге құқықтық негіздерді белгілейді.
Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша, сондай-ақ, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметіне қатысты түзетілерге арналған заң жобаларын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.
Сонымен қатар, осы күні Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері