• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Имашев: Қазақстанда авторлық құқыққа тіркелу бойынша өтінімдердің тұрақты артуы байқалады

Б.Имашев: Қазақстанда авторлық құқыққа тіркелу бойынша өтінімдердің тұрақты артуы байқалады

10 Маусым, 2016 14:01
Авторлық құқық саласында құқықтарды тіркеу үшін өтінімдердің тұрақты артуы байқалады. Қазақстандық авторлардың көбісі өздерінің еңбектері үшін сыйақы алуда, деп ҚР әділет министрі Берік Имашев халық алдындағы есептік кездесу барысында мәлім етті.

«Министрлік қызметінің тағы бір маңызды бағытының бірі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру болып табылады. Қазіргі күні, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, аталмыш салада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының стандарттарына көшу және дамуы жөніндегі жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда»,-деді министр.

Министрліктің мәліметінше, 2012-2015 жылдары өнеркәсіптік меншік жөніндегі күзеттік құжаттардың берілуі 40 пайызға өсті. Оның ішінде тауар белгілері негізгі бөлікті құрайды – 82,7 %. Сонымен қатар көп жағдайдағы өтінімдер шетелдіктерден түсті. Осылайша, 2015 жылы 8253 немесеоның жалпы санының 69,3% - 11910, бұл көрсеткіштер қазақстандық нарықтың тартымды екендігін аңғартады.

«Авторлық құқық саласында құқықтарды тіркеу үшін өтінімдердің тұрақты артуы байқалады. Авторлық құқық ұжымдық басқару жөніндегі компанияларымен соңғы жылдары айтарлықтай авторларға жиналған және төленген өтемақы сомасы өсті. Жыл жыл ішінде үш есе өсті. Мысалы, 2014 жылы – 1 млрд 468 млн теңге. Жиналған сыйақының жартысынан таманы - 53%-қазақстандық авторларға аударылды – 489 млн»,-деді Б.Имашев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар