• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Соколовски: Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында үнемі дұрыс бағытқа жылжыды

В.Соколовски: Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында үнемі дұрыс бағытқа жылжыды

10 Маусым, 2016 20:42
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында үнемі дұрыс бағытқа жылжып отырды, деді Варшава қаласындағы шығысеуропаны зерттеу институтының аға үйлестірушісі, азияттық зерттеу институтының директоры Владыслав Соколовски Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Қазақстан 25 жылда өте көп жетістікке жетті. Біріншіден, бұл дұрыс ойлауды көрсеткен экономикалық даму. Яғни, жаңа технолгияны дамыту, инновация, жас мамандарға басымдық беру сияқты қадамдар»,-деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы мемлекетті сақтап қалуда бірден-бір құндылық тұрақтылық деп атап өтті.

«Екіншіден – бұл ештеңеге қарамастан тұрақтылықтың сақталуы. Елде тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрып, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамды шашау шығармай мемлекеттілікті сақтап тұру деген үлкен жетістік»,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанмен көптеген елдердің ынтымақтасуға дайын екендігін айтып, бүкіләлемнің сыйлайтынына назар аударды.

«Қазақстан жүргізіп отырған сыртқы саясат пен әлемдік қоғамдастықтың бұл елді сыйлайтынын ерекше атап өту керек. Қазақстан – өте дипломатиялық ел»,-деді шетелдік сарапшы.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар