- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты (ФОТО)
Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты (ФОТО)
Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек, деп қала әкімдігінде хабарлайды.
Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заңды қызметінің арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердің кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.
«Әрине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйенің айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал ең маңыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.
Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.
Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.
«Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемнің 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінгі таңда биліктің қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», - деді А. Стах.
М. Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.
-
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Астана күніне орай медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді