• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғарыш техникасы мен технологиялары институты АКШШ жүйесі ұлттық және ұялы операторларының қызметін өздеріне алуға дайын

Ғарыш техникасы мен технологиялары институты АКШШ жүйесі ұлттық және ұялы операторларының қызметін өздеріне алуға дайын

10 Маусым, 2016 13:06
Ғарыш техникасы мен технологиялары институты АКШШ жүйесі ұлттық және ұялы операторларының қызметін өздеріне алуға дайын, деп қазғарышта хабарлайды.

Авариялар мен катастрофалар кезінде шұғыл шақыру (бұдан әрі – АКШШ жүйесі) жүйесі – бұл навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдарын пайдалана отырып жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында болатын жол-көлік оқиғалары туралы ақпаратты жедел қызметке шұғыл ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе. АКШШ жүйесінің борт терминалдарын әзірлеуді қоса алғанда, жалғыз бастамашыл әзірлеуші – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыш орталығы» АҚ-тың «Ғарыш техникасы мен технологиялары институты» ЕЖШС кәсіпорны (бұдан әрі – Институт) болып табылады.

Бүгінде Институт инвестициялық режимде диспечерлік бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – БҚЕ) – АКШШ ядросын және АКШШ жүйесінің борт терминалын әзірледі, оның ТР ТС 018/2011 бойынша қауіпсіздігі сертификатталған және ол өнеркәсіптік масштабта шығарылымға әзір.

Бұл ретте, диспечерлік БҚЕ мен борт терминалдары ұшу режимінде табысты жұмыс істеп тұр және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ахуал орталығында тестілік сынақтардан өтуде,   сондай-ақ 2017 жылдың соңына дейін АКШШ жүйесі өнеркәсіптік пайдаланымға берілуі тиіс.

АКШШ жүйесін құру үшін 112 жедел қызметіне борт терминалынан авария кезінде авария туралы деректерді беруді қамтамасыз етуі тиіс болатын АКШШ жүйесінің ұлттық операторын және ұялы операторын құру мәселесін толық құрамда шешуі қажет. Ғарыш техникасы мен технологиялары институты АКШШ жүйесінің әзірлеушісі ретінде ұлттық оператордың және виртуалды ұялы операторының фунциясын өзіне алуға дайын.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас жүйені «Кеден одағы» елдері – Ресей мен Белоруссия өз елдерінде әзірлеп және қолданысқа енгізіп жатыр.

Ресейде – бұл ЭРА ГЛОНАСС (авариялар кезінде шұғыл қимылдау), Белоруссияда – ЭРА-РБ.

 

Барлық жаңалықтар