• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Әміржанов: ЕО-ң өңірлерді дамыту бағдарламасының арқасында Ақтау теңіз портына тартылған инвестиция 56 млард. теңгеге ұлғайды

Р.Әміржанов: ЕО-ң өңірлерді дамыту бағдарламасының арқасында Ақтау теңіз портына тартылған инвестиция 56 млард. теңгеге ұлғайды

10 Маусым, 2016 12:32
Еуропалық одақтың «Қазақстанның өңірлерін дамыту» бағдарламасының арқасында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына тартылған инфестиция 24-тен 56 млард теңгеге дейін ұлғайды, деп хабарлады Маңғыстай облысы әкімінің орынбасары Рахымбек Әміржанов Астанадағы өңірлік даму және басқару тәжірибесі мәселелері жөніндегі Өңіраралық форумда.

«Төрт жылдан бергі уақытта біздің өңірді дамыту мәселесі бойынша жемісті жұмыс жүргізіліп келеді. Еуропалық одақпен бірлескен «Қазақстанның өңірлерін дамыту» жобасы заңнамалық, стратегиялық және институционалдық, өңірдің дамуына үкіметтің саясатын енгізу мәселелері бойынша консультативтік қолдау көрсетіп келеді. Жоба жүзеге аса бастаған сәттен облысты дамытудың басты мәселелері қамтылды»,-деді Р.Әміржанов.

Әкім орынбасары бүгінгі таңда АЭА әкімшілігі басқармасының менеджменті жақсарғанын да атап өтті. Оның айтуынша, инвесторлармен өзара қарым-қатынас, кеңселік кеңістікті талапқа сай жабдықтау, сонымен қатар, дайындалған стратегиялық жоспар іске асырыла бастаған..

«Мысалы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрылған сәттен 2013-ші жылы оның аумағында 5 жоба жүзеге асты, ал бүгінгі таңда 2,5 жылдың көлемінде 11 өндіріс жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 3 қосымша жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде инвесицияның жиынтық көлемі 24-тен 56 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Шығарылған өнім 200-ден 230 млрд. теңгеге болып, бюджетке төленген салық 9-дан 20 млрд. теңгені құрады»,-деді ол.

Атап өту керек, жоба өз жұмысын 2017-ші жылдың ақпанында аяқтайды.

 Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар