• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда алты макроаймақтар үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жасалуда – ҚР ҰЭМ

Қазақстанда алты макроаймақтар үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жасалуда – ҚР ҰЭМ

10 Маусым, 2016 12:01
Қазақстанда алты макроаймақтар үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жасалуда, деп ҚР ҰЭМ Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және аймақтарды бағалау департаменті директорының орынбасары Жайық Шарабасов Астанадағы өңірлік даму мен басқару әдістері жөніндегі өңіраралық форум барысында мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алты макроаймақтар үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жасалуда. Инвестициялық бағдарлама олардың салыстырмалы артықшылықтарына негізделуде, әрбір макро-аймақ үшін инвестициялық басымдықтарын айқындауға бағытталған болады, аймақтық экономикалық өсу драйверін қалыптастыру, ірі аймақтық жобалар аясында шағын және орта бизнесіт дамыту, сонымен қатар макро-экономикалық әртараптандыруды және импорттық алмастыруды қамтамасыз етіледі»,-деді Ж.Шарабасова.

Айта кетейік, форумның негізгі мақсаты идеяларды талқылаумен негізделеді, сонымен қатар аймақтық даму мен аймақ аралық ынтымақтастық мәселесі бойынша тәжірибемен алмасу.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар