Қазақстан Болгарияға ҚР-да шина өндіруді инвестициялауды ұсынады (ВИДЕО)

10 Маусым, 2016 12:48
Қазақстан Болгарияны шиналар шығару бойынша өндірісті ұйымдастыруға шақырады. Бұл туралы «KAZNEX INVEST Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның басқарушы директоры Ерлан Мұратов Қазақстан-Болгар бизнес-форумы барысында мәлім етті.

«Сіздердің назарларыңызға ұсынғым келеді, ағымдағы кезде 5 млн автокөлік Қазақстанның жолымен жүреді. Қазақстанда шиналар шығару бойынша өнімді ұйымдастыруда бұл дайын нарық. Біздің шиналар ескіріп қалады, нақты айтқанда жазғы және қысқы кезеңнің. Сол себепті шиналар сұранысқа ие. Ол үшін елімізде барлық жағдайлар бар – арзан саябақ, арзан электроэнергия және арзан жұмыс күштері. Шиналар үшін шикізатты Ресей мен Қытайдың мұнай-химия өндірісінен әкелуге болады. Қазақстанда шина бойынша сауда балансы минус 382 млн доллар екендігін айтып өткім келеді, ал Ресейде – 1,170 млрд доллар»,-деді Е.Мұратов.

Оның айтуынша, KAZNEX INVEST Қаазқстаннығң барлық аумақтары бойынша өндірістік алаңдарды табуда инвесторларға көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

«Қазақстан әртараптандырылған және көптеген өндірістерді шығарады және олар совет одағы кезінде тиімді болды және жақсы күйінде сақталған. Біз жергілдікті әріптестермен осы алаңда біріктіруге дайынбыз. Оның барлығы не себепті сіздерге қызықты? Сол нысанның құрылысы бойынша екі-үш жылдарыңызды үнемдейсіздер. Ақшаны үнемдейсіздер. Жергілікті серіктесті табасыздар, және олар Қазақстанның жұмыс ерекшеліктерін біледі, сонымен қатар кейбір жобаларда 3-тен 25 млн долларға дейін үнемділік бар. Мен болгарлық бизнесті келуге, инвестиция жасауға шақырамын . сіздерге барлық аймақ бойынша серіктестерді табыға дайынбыз, сонымен қатар Ресеймен, Өзбекстан жіне Қытаймен шекералас болған аймақтарды да қоса. Қай жерде ыңғайлы локация болса, сол жерде жұмысты ұйымдастыра аламыз»,-деді Е.Мұратов.

Айта кетейік, 2005 жыл мен 2015 жыл аралығында Болгариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 26,7 млн АҚШ долларын құрады.

Ботагөз Айтжанова

Видео Азамат Әлімов

Барлық жаңалықтар