• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Величков: Мемлекеттік басқару бойынша үш өңірдегі пилоттық жоба тәжірибесі барша Қазақстанға таралуы керек

К.Величков: Мемлекеттік басқару бойынша үш өңірдегі пилоттық жоба тәжірибесі барша Қазақстанға таралуы керек

10 Маусым, 2016 11:21
ЕО-ң «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы аясындағы мемлекеттік басқару бойынша үш өңірдегі пилоттық жоба тәжірибесі барша республикаға таралуы керек, деді Еуропалық одақ өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы Камен Велчиков Астанадағы өңірлік даму және басқару тәжірибесі мәселелері жөніндегі Өңіраралық форумда.

«ЕО 6 млн. 288 мың еуро грант формасында «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасына қолдау көрсеткенін мақтан тұтады. Қазір жобаның соңғы төртінші жылы. Пилоттық өңірлерге Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары жатады. Бұлар осы кезеңде Қазақстанның басқа облыстарына өздерінің тәжірибелері таратуларына болады. Олардың сөзінше бұл қортынды кезең, бірақ, бұл жаңадан басталған іс болуы да мүмкін. ЕО Қазақстан Республикасына жергілікті, өңірлік және басқаруды дамыту деңгейі бойынша саясатты жетілдіруде көмектесу бақытына ие болды. Жобаның әу бастағы негізгі мақсаты Қазақстан Президентінің өткен жылы жариялаған «100 нақты қадам» реформалық бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыру болатын»,-деді К.Величков.

Оның айтуынша, алғашқы үш жылда жоба министрлікке өңірлік даму, пилоттық өңір туралы маңызды консультациялар беріп отырды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданғаннан кейін жоба дереу бейімделіп, бағдарламада көрсетілген бағыттарға өзінің қызметін үйлестірді.

«Жоба өңірді нығайтуды қолдап, өз жұмысын Қазақстан үкіметі көргісі келген жылдам өрлеудің маңызды басымдықтарына қарай айқындады. Жергілікті басқару, өңірлік инновация, өңірлік туризм, жергілікті және өңірлік басқару, халықтың жұмыспен қамтылуы сияқты маңызды бағыттар іске асырылғаннан кейін жасалған жұмыс жақсы бағаға лайық, делінді. Бұл жұмыс Ұлттық экономика министрлігімен, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктермен жан-жақтылы ынтымақтасудың аясында жасалатын жұмыс»,-деп атап өтті ол.

Атап өту керек, жоба өз жұмысын 2017-ші жылдың ақпанында аяқтайды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар