- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды
Шымкентте аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды
Заманауи жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыруды мақсат тұтқан жиында еліміздің түкпір-түкпірлерінен келген 90 колледждің басшылары өзара тәжірибе алмасты.
Конференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков соңғы төрт жылда аймақта сұранысы төмен 54 мамандыққа мемлекеттік тапсырыс беру тоқтатылып, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, соңғы екі жылда 20 мамандықтың ашылғанын хабарлады.
«Атап айтқанда, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырып отырған кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлау мақсатында Шымкент қаласы бойынша 10 мамандық ашылса, облыстың және аудан, қаланың даму бағдарламасына сәйкес Шардара ауданы бойынша 3 мамандық құрылды. Сонымен қатар, Мақтарал ауданы бойынша егістіктер мен мақта алқаптарына дренаждарды іске қосуға байланысты 1 мамандық жаңадан жұмысын бастап, Түркістан және Кентау қалаларын газдандыру мен канализациялық жүйелерді іске қосу бойынша 2 мамандық ашылды», - деді Ұ.Сәдібеков.
Осылайша, пленарлық мәжіліс пен секциялық жұмыстар сынды екі бөлімнен тұрған конференцияда бас-аяғы 90 баяндама тыңдалды. Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту тақырыбында оқылған жұмыстар - агрономия және орман шаруашылығы, зооветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрмен қамтамасыз ету, сонымен қатар, азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы бағыттарында жасалды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 90 колледжде (42-і мемлекеттік, 48-і жекеменшік) 97 мамандық бойынша білім берілуде. Аталған оқу орындарында 71 мыңға жуық студент оқыса, оның 27 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыспен оқиды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі