- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мәселелері Ақмола облысында болған семинар барысында талқыланды
Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мәселелері Ақмола облысында болған семинар барысында талқыланды
Шараның мақсаты – жобаны Қазақстанның барлық облыстарында әрі қарай толыққанды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу болып табылады, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды.
Екі күннің ішінде аймақтардағы «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру мәселелері, біріктірілген әлеуметтік қорғау жүйесінің халықаралық тәжірибесі, сонымен қатар, пилоттық жобаға аз қамтылған азаматтарды қатыстыру аясын кеңейту туралы ұсыныстар қарастырылады.
Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасы аз қамтылған, еңбекке жарамды азаматтардың міндетті түрде белсенді шараларға қатысуымен шартталған әлеуметтік келісім шартты жасау арқылы атаулы әлеуметтік көмекті жаңғырту шараларын қарастыратын әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту шараларының аясында жүзеге асырылып келеді.
2014 жылдан бастап жоба пилоттық режимде Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске асырыла бастады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалаларда жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. Жобаны іске асыру оған қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есеге артуына; 90%-ға жуық еңбекке қабілетті қатысушыларды жұмыспен қамту шараларына тартуға; республика аумағындағы 18 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік және мемлекеттік жәрдемақы алушылар санын сәйкесінше 31,8%-ға және 2,1%-ға қысқаруына мүмкіндік туғызды.
Оң нәтижелерді ескере отырып, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 28 қазанда қол қойды.
Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуымен шартталған АӘК-ні әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу қарастырылған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері