• Басты
  • Жаңалықтар
  • БЖК - 2020: Жамбыл облысындағы темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттың жобалық қуаты артты

БЖК - 2020: Жамбыл облысындағы темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттың жобалық қуаты артты

10 Маусым, 2016 08:43
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау арқылы тұрғызылған «Бином-Строй Деталь» ЖШС жылына 10 мың куб темір-бетон бұйымдарын шығарады, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» аясында  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур барысында  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау арқылы тұрғызылған «Бином-Строй Деталь» ЖШС құрылыс материалдары және паннелді үйлер құрылыс комбинаты жұмысымен танысты.

Серіктестік жылына 19,5 мың кв. метр шығаратын паннельді үйлер шығаратын тұрғын-үй құрылыс комбинатының құрылысы 30 маусым 2014 жылы іске қосылды.  (қабырға панелдері, арақабырғалар (перегородки) мен аражабынның плиталары (плиты перекрытия). Аталған нысан бойынша қосымша 65 жұмыс орны ашылған.     Комбинатқа қажетті негізгі құрал-жабдықтары  Германия мемлекетінен әкелінген.

Бүгінгі таңда панелді тұрғын үйлер шығаратын комбинатының өнімдерін өткеруге тапсырыс берушілермен  келісім-шарт жасасу жұмыстарын қарастыруда.

Оңтүстік Қазақстан облысына ауылшаруашылығына суландыру жүйесіне арналған темір бетон өнімдерін өткеруге келіссөздер жүргізілуде. Комбинат темір-бетон бұйымдары, негізгі бұйымдар ауыл және су шаруашылығына қажетті каналдар, көпірлер, мелиоративтік лотоктар мен жеке құрылыс жүргізуге және қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегордки) мен аражыбының плитаран (плиты перекрытия) шығарумен айналысады.

Жылына 10 мың куб темір-бетон бұйымдарын және 19,5 мың. куб. метр қыбырға шығару арақабырғалар (перегордки) мен аражабын (плитаран) шығарады.

Барлық жаңалықтар