• Басты
  • Жаңалықтар
  • Премьер-Министр К.Мәсімов Грузияның вице-премьері Д.Кумсишвилимен кездесу өткізді

Премьер-Министр К.Мәсімов Грузияның вице-премьері Д.Кумсишвилимен кездесу өткізді

9 Маусым, 2016 19:08
Үкімет Үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Грузия Премьер-Министрінің орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және тереңдету, өзара тауар айналымы көлемін арттыру, екі елдің іскерлік топтарының арасындағы байланыстарды жандандыру перспективаларын талқылады.
 

Барлық жаңалықтар