• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық азаматтар күн сайын 2 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейінгі мүлікті заңдастырады

Қазақстандық азаматтар күн сайын 2 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейінгі мүлікті заңдастырады

9 Маусым, 2016 18:23
Қазақстандық азаматтар күнде 2 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейінгі мүлікті заңдастырады, деп ҚР Қаржы министрлігінің тәуекелдерді басқару, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағнаев Астанада өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Егер заңдастыру типі бойынша көшбасшыларды айтатын болсақ, онда ол Алматы, Астана, Алматы облысы. Алматы бойынша заңдастыру сомасы 827 млрд теңгені құрады, астана бойынша – 296 млрд теңге және Алматы облысы бойынша – 218 млрд теңге. Батыс Қазақстан облысы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы артта қалуда. О сыған орай, олар бойынша заңдастыру сомасы 2,7 млрд теңге, 6,8 млрд теңгені және 7,1 млрд теңгені құрады»,-деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, күн сайын азаматтар 20 млрд теңгенің мүлігін заңдастырады.

«Күн сайын 2-3 млрд-тан 20 млрд-қа дейін сома түрленеді. Заңдастыратын адамдар саны 5-тен 20-ға дейін. Олардың әрқайсысы қандай сомаға заңдастыру жасайтындығы туралы ақпаратты айта алмаймыз. Заңдастыру бойынша заңға сәйкес, кез келген ақпарат, яғни ол заңдастырумен байланысты ол құпия болып қалады. Егер осындай ақпараттар тарайтын болса, қылмыстық жауапкершіліке тартылады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар