• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанның 7 аймағында іске асырылады – ДСӘДМ

2016 жылы Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанның 7 аймағында іске асырылады – ДСӘДМ

9 Маусым, 2016 18:03
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі Ауруларды басқару бағдарламасы 2016 жылы 7 аймақта іске асырылады, деп Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген отырыснда ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Қазіргі күні нозологияның 22 сыныптары бойынша диспансердің есебінде 4 млн адам тұр. Оның 40 пайызы қант диабетімен, жүрек ауруымен, жүреквиалды гипертензиямен ауырады. Ерекше алаңдаушылық туғызатындар инсульт, инфаркт және ЖИА бар диспансерлік науқастары болып табылады»,-деді ол.

Министрдің айтуы бойынша, соңғы 2 жылда бұл бағдарлама Павлодар облысы мен СҚО-да іске асырылған және 1200 адамды қамтыды.

«Диспансерлік науқастардың 75% қан қысымы тұрақтанды, жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар саны екі есе дерлік төмендеді. Қант диабетіне тексерілетін емделушілердің саны өсті (СҚО-да 64 пайызға дейін, Павлодар облысында 98 пайызға дейін)»,-деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда ААБ 2013 жылдың басында басталды және пилотты режимде СҚО мен Павлодар облысының 7 емханасында үш нозология бойынша: гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар