• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік түрінде мүлікті жиі заңдастырады – ҚР ҚМ МКК

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік түрінде мүлікті жиі заңдастырады – ҚР ҚМ МКК

9 Маусым, 2016 17:48
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік түрінде мүлікті жиі заңдастырады, деп ҚР Қаржы министрлігінің тәуекелдерді басқару, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағнаев Астанада өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының азаматтары жылжымайтын мүлік түрінде мүлікті жиі заңдастырады, осы мүліктің 70 пайызы – тұрғын үй қорының нысандары»,-деді  Е.Сағнаев.

Сонымен қатар, қазақстандықтар мүлікті тек елімізде ғана заңдастырып қоймайды, сонымен бірге тыс жерде де. Көбінесе-көршілс елдерді.

«Көбінесе Ресей мен Өзбекстанда, көп жағдайда бұл елдерді тұрғын үйлерді заңдастырады. Егер ең қымбат нысаналар туралы айтатын болсақ – ол виллалар, олар біздің азамататрда Әмірліктерде орналасқан. Жалпы алғанда оның құны 100 миллион теңге»,-деді ол.

Онымен қатар, ол өз сөзінде, қазақстандықтардың шетелде заңдастырылған мүліктері Ресей, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Болгария, Германия, Англия елдерінде ұсынылғандығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар