• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Павлова: Қазақстан мен Болгарияда өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар (ФОТО)

Л.Павлова: Қазақстан мен Болгарияда өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар (ФОТО)

9 Маусым, 2016 16:24
Қазақстан мен Болгарияда өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар, деді Болгария Республикасының аймақтық даму және абаттандыру министрі Лилияна Павлова Қазақстан-Болгар бизнес форумында.

«Бүгінгі форум біздің серіктестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз іскерлік орта, компаниялар мен екі елдің бизнесі саласында. Біздің қарым-қатынасымыз 25 жылдық тарихқа ие. 2015-ші жылдың қарашасында біз болгарлық-қазақстандық сауда палатасының кеңсесін аштық. Бұл біздің іскерлік компанияларымыздың араласулары үшін, көбірек жұмыс істеуге, екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларын кеңейтуге деген маңызды қадам. Өкінішке қарай, 1995-ші жылдан 2015-ші жылға дейінгі аралықта екі ел арасындағы тауар айналым төмен болған. Бірақ, қарым-қатынас әлеуетіміз үлкен. Мұны сіздер де, бізде жасай аламыз»,-деді Л.Павлова.

Оның айтуынша, Болгариядан келген делегация вице-премьермен, экономика, энергетика министрлерімен кездесу өткізген.

«Бізде бірге жұмыс істеуге болатын қызметтің жаңа саласы бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы – бұл дәстүрлі сала. Біз бірлескен компанияларды дамытуға дайынбыз. Болгария туристік ел ретінде танымал және біз осы ортаны кеңейтуіміз керек. Сонымен қатар – энергия тиімділігі саласы. Ынтымақтастық туралы қол жеткізген келісімдеріміз екі жақты қарым қатынасты нығайтады, деп ойлаймын»,-деді Болгария Республикасының аймақтық даму және абаттандыру министрі.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар